Биыл жазғы Олимпиада ойындарының жалауы 33 рет көтеріледі
4 жылда бір өтетін дүбірлі дода Францияның астанасы – Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Олимпиадаға лицензия алған спортшылар оған дайындықты жан-жақты бастап кетті, отандастарымыз жазға дейін халықаралық турнирлер мен құрлықтық чемпионаттарға қатысып, лицензия алуға күш салды. 28 жастағы палуан Юсуп Батырмырзаев күні-тні тынбай жаттығуда. 125 келі салмақ бойынша сынға түспек. Ол 2019-2020 жылдары екі дүркін Азия чемпионы атанды, 2021 жылы Токио олимпиадасында жүлде алған. Тағы бір жерлесіміз Мейрамбек Қартбай боз кілемде 67 келі салмақ санаты бойынша жүлдеге таласады. Ендеше, жерлестерімізге сәттілік тілеп, ақ жол дейміз.Количество показов: 360
Дата создания: 20.07.2024 14:15:07