Биыл су тасқыны қатты боп тұр
Соңғы жылдары мұндай табиғи апат елімізде болмаған шығар. Соның ішінде ең қауіптісі қала мен елді мекендерге кіріп, үйлер мен қора-қопсыны басып қалып тұрған қызыл су болып отыр. Бұл-Келешек бау-бақша ұжымы. Қарғалы өзені арнасынан тасып ұжымдағы Целина мен Тополь көшелерін су басқан. Тұрғындар абдырап қалғандарын айтады. Су ауламыздан аспайды деп ойласа керек. Әйтсе де, жертөле мен үйге де кірген. Біреуінің тұрмыстық техникалары жанып, жиһаздары бүлінсе, енді бірі азық-түліктері мен бау-бақша өнімдеріміз суға кетті ,-деп налиды. Ал Майский көшесінің тұрғындары жаңбыр жауса, тағы суға кетеміз деп қауіптеніп отыр. Олар тасқынның алдын алу мақсатында өз беттерінше қамданып жатыр. Құм салынған қапшықтар дайындап, селді үйге жеткізбейміз,-деген ниет.Количество показов: 290
Дата создания: 09.04.2024 00:45:46