Биыл өңірде 806,4 мың ГА алқапта егістік жұмыстары жүргізілмек
Ақтөбе көктемгі егіс науқанына дайындықты бастап кетті. Тұқымдар қоры әзірленіп, техникалар түгенделіп жатыр. Бұл жұмыстар наурыз айының соңында бітуі тиіс. Үкімет көктемгі егісті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдады. Ендігі кезек өңірлерде. Егіс жұмыстарына дайындық шаралары облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында талқыланды.Көктемгі егіске 51 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы қажет болса, бүгінгі таңда оның 47 мың тоннасы, яғни 92% дайын тұр. Облыс әкімі егіс науқанына дайындықты жылдамдатуды және белгіленген мерзімдер аясында барлық қажетті жұмысты орындауды тапсырды. Сондай-ақ оларға аталған төрт ауыл шаруашылығы ауданында жетекші шаруашылықтар базасында тұқым шаруашылығы субъектілерін құруды ұйымдастыру жүктелді. Көктемгі далалық жұмыстарына 6,2 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Сонымен қатар алқаптағы жұмыстарға 1 528 трактор, 135 егіс кешені, 1 446 мың тұқымсепкіш пен 1 432 мың жер өндейтін техника жұмылдырылмақ.
Количество показов: 294
Дата создания: 12.02.2025 08:18:50