Биыл Құрбан айт мерекесі 16- маусым, яғни, жексенбіге түсіп тұр
Құрбан айт – мейірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, кәңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлап, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, қуанышқа бөлеуі керек. Әрине, әр адам өз шама-шарқысына сай. Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып Аллаға тәкбір айтып,"Бисммлләмен" бауыздалады. Малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Биыл құрбан айт 16-18 маусым аралығында өтеді. Өңірдегі құрбан шалынатын орындар да әзір. 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан ет комбинаты , Жаңақоныс ауданындағы мал базарында, Рауан ықшам ауданындағы ет базарларында арнайы орындар дайындалған. Қасапшылар бар. Имамдар да кезекшілік ететін болады. Айта кетейік, шалынатын малдың бір көзі соқыр,мүшкіл немесе құйрығы жоқ, тістерінің көбі түсіп қалған, бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған болса жарамсыз. Осы сынды жағдаят құрбан малының бойында болмау керек. Құрбандыққа малдың ең жақсысын, тәуірін таңдаған жөн.Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде, сонымен қатар жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ, мұсылман шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратады, кедейлердің де аузы қызылға тиеді. Сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.
Количество показов: 280
Дата создания: 13.06.2024 05:41:09