Биыл өңірімізде 9236 түлек мектеп бітіреді
Облыс бойынша биыл оқу жылын 180 мыңнан астам оқушы аяқтайтын болады. Оның ішінде 15 мыңнан астамы 9 сынып оқушысы, 9 мыңнан астамы 11 сынып бітіреді. Облыс бойынша 9- сынып бітірірушілер арасында үздік аттестатқа 1423 түлек үміткер. 681 түлек орта білімді растайтын үздік аттестаттан үмітті. Сондай - ақ, облыс бойынша 489 түлек алтын белгі алуы тиіс. Биыл облыста орын алған табиғи апаттың салдарынан Ойыл және Ырғыз аудандарының оқушылары аралық емтихан мен қорытынды аттестаттаудан босатылмақ.Биыл тұңғыш рет 5 - 8 - 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Айта кетейік, бұл сынақтан су басқан аймақтар, атап айтқанда Ырғыз және Ойыл аудандарының оқушылары босатылып отыр. Облыс бойынша 78134 оқушы қазақ тілінен емтихан тапсырады деген жоспар бар. Сондай - ақ, биыл облыс бойынша ҰБТ тапсыруға 8 мыңнан астам оқушы өтініш білдірген. Ол үшін арнайы екі орын белгіленген. Біреуі қалада болса, екіншісі Шалқар ауданындағы тестілеу орталығы.Количество показов: 317
Дата создания: 22.05.2024 07:26:57