Биыл облыста су тасқынының алдын алу жұмыстарына мың жарымнан аса адам жұмылдырылды
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының айтуынша, қазір қар жамылғысы көрсеткіші 80 %-ды құрап отыр. Оңтүстік аумақтар санатындағы Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Темір аудандарында ақ ұлпа қалың емес. Ал, өңірдегі үш ірі су қоймасындағы судың көлемі 30 %-дан аспайды. Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары 280 млн текше метрге дейін су қабылдай алады. Тасқынға қарсы 9730 тонна инертті материал дайындалған. Сондай-ақ, 218 млн теңге қосымша бөлінген қаражатқа 230 тонна жанар-жағар май , 34 мың 500 бірлік қап дайындалған. 13 мың адамды қабылдай алатын 76 уақытша орналастыру пункттері жарақтандырылған. Бүгінгі таңда облыс аумағынан 500 мың текше метр қар шығарылған. 620 бөгет пен көпір аумағы тазартылған. Су басу қаупі бар аймақ қатарындағы 30 елді мекенде 11 мыңнан аса тұрғын өмір сүреді. Аса қауіпті аймақ саналатын 13 елді мекенде 1770 адам тұрады.
Количество показов: 631
Дата создания: 30.03.2021 20:06:25