Биыл облыста суға кету деректері көп тіркелді
1-ші қыркүйекте суға шомылу маусымы жабылды. Жыл басынан бері облыс бойынша 26 адам суға кетті. Олардың бесеуі бала. Биыл суға кеткендер былтырғымен салыстырғанда 73,3 пайызға көп. Жазда карантин кезінде барлық жағажайлар жабық болғандықтан, тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылған. Қайғылы оқиға көбіне түстен кейін суға шомылғандар арасында көп тіркеледі. Биыл суға батқандар арасында балықшылар да бар. Ал жазатайым оқиғадан көз жұмған балалардың көбі қараусыз қалып, су түбіне кеткен. Сондай-ақ, мамандар күн ыстықта салқын суға шомылу қауіпті екенін ескертті. Облыс бойынша 52 белгіленген жағажай болса, оның 10-ы қалада, 42-сі аудандарда. Биыл облыс бойынша су жағалауларында 1539 рейд жүргізіліп, тәртіп бұзған 373 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде, 340 тұрғынға ескерту жасалып, 32 адам айыппұл төлеген. Бір адам қамауға алынды.
Количество показов: 810
Дата создания: 04.09.2020 20:15:43