Биыл облыста білім ошақтарын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жаратылуда
Биыл облыста білім ошақтарын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жаратылуда. Оған барлығы 33 білім беру нысаны жөнделіп жатыр. Оның 28-і орта мектептер. Қаржы облыстық бюджеттен және "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы арқылы бөлінді. Сәңкібай батыр даңғылындағы №48 орта мектептің жылу қазандығы ұзақ уақыттан бері жөндеу көрмеген. Соңғы жылдары қазандық мектеп ғимаратын жылытуға қауқарсыз болды. Ал биыл №48-ші мектепті жөндеуге 25 миллион 313 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға қазандық пен құбырлар ауыстырылады. Мектептің жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады.Мердігер компания жұмысқа кірісіп кеткен. Биыл облыста 33 білім ошағы күрделі жөндеуден өтеді. Оның 28-і орта мектеп. Бір нысан үшін кемі 25 миллион теңге бөлінді. Ал терезе, есігі, шатыры, жылыту жүйесі толығымен ауыстырылатын үлкен мектептерге 200 миллион теңгеден жұмсалады.
Қаламызда А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі күрделі жөндеуден өтеді. Оған 18 миллион 900 мың теңге, ал Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің жатақханасына 15 миллион 25 мың теңге бөлінді. Қаламызда күрделі жөндеумен барлығы 3 білім ошағы қамтылған. Айта кету керек, келесі жылы жоспар бойынша 58 білім беру нысаны күрделі жөнделеді. Олардың сметалық құжаттары дайындалып жатыр.
Количество показов: 678
Дата создания: 29.07.2021 18:14:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>