Биыл қаламызда 7 шақырым жылу жүйесі жөнделеді
Бүгін қалалық әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтың төрағалығымен кеңейтілген жұмыс мәжілісі өтті. Оған құқық қорғау саласының қызметкерлері мен коммуналдық мекеме жетекшілері қатысты. Алдымен шаһар басшысы құқық қорғаушыларды өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтік міндетін адал атқарған 20 полиция қызметкерін ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Одан әрі сөз кезегі коммуналдық мекеме жетекшілеріне берілді. "Трансэнерго" АҚ директоры Мәжит Бекмеев жиналғандарды алдағы жылу маусымына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. Биыл Ақтөбеде 7 шақырымға жуық құбыр желісі жөнделетін болады. Оған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Жұмсалатын қаражаттың 780 млн. нан астамы жергілікті бюджет есебінен. Бұл аты аталған көшелердің құбырлары жергілікті бюджет есебінен алмасады. Одан басқа «Трансэнерго» АҚ-ның тарифтік жоспары бойынша жөнделетін жылу желілері бар. Оған 145 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұдан басқа қаламыздың бірқатар аудандарының құбырларын қайта қалпына келтіруге қатысты да жұмыстар қызу жүруде. Қазір №4 су сорғылау бекеті жөнделіп жатыр. Дегенмен коммуналдык мекеменің жұмысына кедергі келтіретін мәселелер де аз болмай шықты. Оның бірқатары пәтер иелері кооперативтеріне қатысты. Сондай-ақ Мәжит Бекмеев қала әкімінен қараусыз қалған құбырларға қатысты да нақты шараларды қолға алуды сұрады. Шаһарымызда дәл осындай ұзындығы 60 шақырымнан асатын жылу жүйесі бар. Аталмыш желі осыдан бірнеше жыл бұрын қалалық қомуналдық шаруашылық бөлімінің балансына берілген. |
Количество показов: 2076
Дата создания: 25.06.2013 18:58:47