Биыл қалада 7 жағажай ашық
Суға шомылу маусымы басталды. Ыстықтан бой тасалап, ақтөбеліктер енді жағажайларды жағалайтын болады. Ал олардың саны биыл жаңа екеуімен толықты. Суға түсуге қатаң тиым салынған жерлер де белгілі. Бұл демалыс орны "Жағажай-1" деп аталады. Елек өзені бойында қызмет көрсеткеніне биыл 4-ші жыл. Барлық тексеруден өтіп, судың табаны тазартылып, кеше ғана адам қабылдауға рұқсат алған. Ересектер үшін мұнда кіру 300 теңге. Бірақ, әзірге күзетшілерден басқа су басында кісі қарасы көрінбейді. Оған Ақтөбедегі ауа райының құбылмалылығы себеп болса керек. Ауа температурасы да 25-30 градустан аспай тұр. Жағажайда қоғамдық тамақтану орны бар. Бірақ, асханасы әлі іске қосылмаған. Шешініп-киіну орны, әжетхана, медициналық бекет жасақталған. Суда жүзуге арналған құрылғылар бар. "Жағажай" деп аталатын тынығу орны қалада екеу. Екіншісі биыл ғана ашылып жатыр. Елек өзені бойында, Нокин даңғылына жақын тұста. Силикат зауыты, Тұрғынқалашығы аумағында суға түсуге тиым салынған орындар бар. Сондай-ақ Кірпішті ауданындағы көпір асты, Қарғалыдағы көпір астында суға шомылуға болмайды. 1-маусым суға шомылу маусымы ашылғалы облыста 20 адам құтқарылды. Облыста әзірге құтқару бекеті тек Шалқар ауданында. Бекетте 3 сүңгуір жұмыс жасайды. Ал қалада құтқару стансалары бар. Сүңгуірлер рейдке шығып тұрады. Ескерту белгілерінің жартысы орнатылған. |
Количество показов: 2827
Дата создания: 07.06.2013 19:13:20