Биыл қалада 30 шақырымға жуық жол жөнделді
Жоспарланған 20 көлік жолының 18-і күрделі жөндеуден өткен. Қалған екеуінде жұмыс келесі жылы аяқталады. 10 көше орташа жөндеуден өткен. Қазір жөнделіп жатқан Ақтөбе хром қосындылары зауытына апаратын жолдың жұмыстары 2-3 күнде аяқталады. Биыл ҰОС ардагерлерінің есімдері берілген көшелерді реттеу басты назарда. Бірнешеуі соңғы 10 айда жөнделген. Қала аумағындағы 27 көшеге қиыршық тас төселді.Келесі жылы Мәскеу ауданының бірнеше көшесіндегі жолдар жаңартылады. Заречный 1,2,3,4 ауылдарындағы 2-3 көшеге қиыршық тас төселеді. Бастысы, М.Мәметова көшесі келер жылы 6 жолақты болып кеңейтіліп, Арынов көшесінде жол торабы дұрысталады. Бұл мақсаттарға бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылып жатыр.
Количество показов: 1131
Дата создания: 07.11.2017 18:27:22