Биыл ақтөбеліктер қазақ футболының 100 жылдығын атап өтеді
Биыл қазақ футболының құрылғанына 100 жыл. Бұл мерекені ақтөбелік спортсүйер қауым да айрықша атап өтпек. Осыған орай бүгін қаламызға Қазақстан Футбол Федерациясының төрағасы Михаил Гурман келді. Ақтөбеге келген астаналық мейман алдымен облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесіпті. Өңір басшысымен болған басқосуда "Ақтөбе" футбол клубының қол жеткізген жетістіктері әңгімеге басты арқау болған. Сондай-ақ кездесу кезінде қаламызда аяқ доп өнерінің дамуына кедергі келтіріп тұрған негізгі мәселелер де қозғалыпты. Михаил Гурманды әсіресе Ақтөбеде ала доптың дүбірлі додалары өтетін басты шаршы алаңның қазіргі жай-күйі алаңдатады. Қазақ футболының 100 жылдығы биыл еліміздің барлық қалаларында аталып өтілетін болады. Ұлан-асыр той алдымен Семейде басталады, себебі Семей - қазақ футболының кіндігін кескен мекен. Ең алғаш рет ала доптың додасы осы жерден бастау алған. Еліміздің ең алғаш футбол құрамалары да осы жерде құрылған. Семей жерінде басталған ұлы той одан әрі Астанада жалғасады. Айтулы мерекені атап өтуге қазір барлық қазақстандықтар қызу дайындық үстінде. Жүз жылдықтың жоспары да жасалынып қойылған. Қазынадан қажетті қаражат та бөлінді. Биыл 100 жылдықты тойлауға 100 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалатын болады. |
Количество показов: 2368
Дата создания: 04.05.2013 18:35:54