Биыл 791 мың гектар алқапқа егіс егіледі
Өңірге ауыл шаруашылығы министрлігінен егіс науқанын жүргізуге 7,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл облыстың қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді деп сендірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай. Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізетіндерге дизель отыны литріне 154 теңгеден сатылып жатыр. Егіс науқанына 8 мыңға жуық техника жұмылдырылады. 1465 бірлік трактор, 4856 топырақ өңдеу техникасы және 1535 сепкіш аппараттар қазірден бастап жарақтандырылған. Дән себілген жерлерді зиянды жәндіктерден қорғау мақсатында облыстық қазынадан 61 млн теңге бөлінген. Мамыр-маусым айларында шегіртке пайда бола бастаған уақытта толықтай химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 4900 гектар жыртылған жерге 4245 тонна минералды тыңайтқыш енгізіледі. 202 мың гектар алқапта арамшөптерге қарсы өңдеу жасалады.
Количество показов: 648
Дата создания: 17.03.2021 22:16:05