Биыл 30 мың талапкер білім грантына ие болды
Осы жылдан бастап еліміз бойынша педагогика және медицина мамандықтарына түсем деушілерге оқу ақысы 100 мың теңгеге жоғарылайды. Мұндай талапты барлық жоғары оқу орындарына ғылым және білім министрлігі қойып отыр. Үкіметте отырған үлкен шенеуніктердің ойынша тек осындай қадам ғана болашақ ұстаздар мен дәрігерлердің білім сапасын арттырмақ. Үстіміздегі жылы еліміз бойынша жоғары оқу орындарына бөлінген білім гранттарын 30 мыңға жуық талапкер жеңіп алған. Осы білім гранттарын педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша иемденген талапкерлерді алда тағы да бір қатаң талап күтіп тұр. Мемлекеттік білім грантымен студент атанған барлық болашақ ұстаздар мен дәрігерлер үкімет қаржысын енді келешекте ауылға барып өтейтін болады. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына бөлінген білім гранттарын биыл 300-ден астам үміткер иемденген. Өткен жылдармен салыстырғанда талапкерлер арасында биыл биология, физика, химия және орыс тілі пәндеріне қызығушылық артқан. |
Количество показов: 3105
Дата создания: 14.08.2012 19:15:36