Би - денсаулық үшін
Бүгін таң сәріде 250-ден астам студент Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға келді. Осыншама жастар "Би-денсаулық үшін" атты арнайы флешмобқа жиналған. Мұндай акция Ақтөбеде алғаш рет өткізіліп отыр. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен өткізіліп отырған бұл шараға қаламыздың 5 колледжі атсалысты. Араларында қарапайым қала тұрғындары да бар. Жиналғандар алаңда ән салып, көңілді билерімен көпшіліктің көңілін көтерді. Акцияның негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өскелең ұрпақты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бейімдеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мұндай көңілді кездесулердің басқа да маңызды тұстарының бар екенін айтады. Бүгінгідей флешмоб жастардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, оларды өмірдің қиын жағдайларымен күресуге де көмектеседі. Алаңға келген ақтөбеліктердің жас ерекшеліктері де әртүрлі. Флешмобтың басты мақсаты да осы. Жастар мен ересектерді жас ерекшеліктеріне қарамай біріктіру. Шара барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де қарап қалмады. Олар жиналғандарға дұрыс тамақтану мен дене қозғалысының маңызы жөнінде бірқатар ақпараттар берді. |
Количество показов: 2098
Дата создания: 19.04.2013 20:24:33