Бейне бақылау камералары 16-тамызда іске қосылады
Облыстық полиция департаменті жүргізген сараптамаға сай жол апатынан қаза тапқандардың тең жартысы- жылдамдықты шамадан тыс асырғандар не мас күйінде рөлге отырғандар. Жол апаты әсіресе Самара-Шымкент пен Ақтөбе-Астрахань тас жолдарында жиі орын алады. Полицейлер жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кеткенін айтып дабыл қағуда. Жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында қаламыздың 66 учаскесінде бейне бақылау камералары орнатылды. Олар 16-тамыздан басьап іске қосылмақ. Облысымызда 7 айдың ішінде 382 жол- көлік апаты тіркеліп, одан 80 адам қаза тапса, 535 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған тесттік режимдегі бақылау камералары 16 тамыздан бастап толықтай іске қосылады. Орнатылған бақылау камералары жылдамдықпен бірге іздеуде жүрген, айыппұлы төленбеген, бағдарда тұрған және жалған мемелекеттік тіркеу нөмерлерін таққан автокөліктерді анықтайды. Мамандарымыз камералардың өлшеу шегі ҚР жол жүрісі ережелеріне сәйкес жылдамдығы сағатына 60 шақырым екенін ескертіп,қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда абай болуға шақырады.Количество показов: 329
Дата создания: 04.08.2024 07:09:22