Эпидемияның бастапқы уақытындағыдай емес қазір халық арасында дүрбелең басылды. Карантин талаптарына мойынсұнып алдық. Жеке бас гигиенасына адамдардың жауапкершілігі артты. Медициналық маска әлем бойынша ең өтімді тауарға айналды. Ал бетпердені тағу тәртібіне қатысты дәрігерлер бір-біріне қарама қайшы пікір айтады. Осы орайда халық өз білгенімен әрекет етіп жатыр. Карантин кезінде көшеде медициналық бетпердені киу керек пе, әлде қажеті жоқ па? Бүгінге дейін дәрігерлер тарапынан бұған қатысты түрлі пікірлер айтылып келді. Күні кеше өткен брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин далада белгілі ара қашықтықты сақтасақ, маскасыз жүре беруге болады деп мәлімдеген еді. Бүгін ол жеке фейсбук парақшасында көшеге шыққанда масканы міндетті түрде тағу керек деп жазды. Қаламызда қазір медициналық бетперде тапшылығы жоқ. Тұрғындар тарапынан сұраныс төмендеген. Дәріханаларда бір реттік маска құны 100 теңге. Ал, респираторлық бетперде 715 теңге тұрады. Бір адамға бес маскадан артық сатылмайды.
Көшеде, көпшілік орындарда қорғаныс бетпердесі індетті жұқтырмаудың алдын алу тәсілі және Қазақстанда эпидемия уақытында басты тәртіп болып саналады.
Количество показов: 1035
Дата создания: 23.04.2020 18:10:35
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>