Бестамақ ауылындағы шошқа бордақылау фермасы жабылуы мүмкін
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Бестамақ ауылына барып, ақтөбелік табиғат жанашырларымен кездескен. Ауыл тұрғындары шошқа бордақылау кешеніне қатысты мәселенің тез арада шешілгенін қалайтындықтарын жеткізді. Белсенділер былтырдан бері ферма басында түсірілген бейнежазбаларды әлеуметтік желілерге жүктеп, экологиялық проблемаға қоғамның назарын аударуға тырысып жүр. Сең қозғалды. Енді бір нәтижесі болатын секілді. Бүгінде шошқа бордақылау кешенінің көң қоймасы мен сарқынды су азығатын желісінің қызметін тоқтату туралы соттар шешімі шыққан. "Парижская коммуна" ЖШС-інің үстінен әкімшілік, қылмыстық істер қозғалды. Тергеу әлі жалғасып жатыр. 14 миллион теңгеге дейінгі әкімшілік айыппұлдарды кәсіпкер өтеген. Қазір 7 миллиард теңгеге салынған айыппұлмен бизнесмен келіспей, құқығын сотта даулап жатыр. Осы және өзге де мәселелер көтерілген жиын бүгін "Жастар" сарайында өтті. Елдің экология кодексіне енгізілген өзгерістер көпшілікке түсіндірілді. Қоршаған ортаны ластаушыларға жазаны қатаңдату, жауапкершіліктерін арттыру жолдары талқыланды.
Количество показов: 665
Дата создания: 30.03.2021 20:05:03