Белгілі дәрігер І. Аймағамбетовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Ел ағасы - Ізбасқан. Осындай тақырыппен өткен шараға Ізбасқан Аймағамбетовтің ет жақын туыстары, әріптестері және басшылар қатысты. Ол ісін адал атқарған дәрігер ғана емес, білікті басшы болған азамат. Ширек ғасырдан астам уақыт облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері болып, елге елеулі қызмет етті. Бүгін, 5-ші қаңтар танымал дәрігердің туған күні. Денсаулық саласының үздігі Ізбасқан Аймағамбетов тірі болғанда 80 жасқа толар еді. Шараға жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, қаланың құрметті азаматы, қоғам қайраткері Ізбасқан Аймағамбетов 2019 жылы 3-ші наурызда көз жұмды.
Количество показов: 684
Дата создания: 05.01.2021 18:37:44