Бекет қызметкерлеріне түскі ас жеткізілді
Сарбаздар арасында "Қызмет өз алдына, түскі ас кесте бойынша" деген нақылға айналып кеткен сөз бар емес пе?! Әлемді жайлаған індетпен күресте алғы шепте жүрген адамдар ашықпауы тиіс. Ауқат құнарлы болмаса, ағзада иммунитет әлсірейді. Ал қазіргі жағдайда денсаулық басты орында. Осыны ескеріп, кеше облыстық мәслихат депутаты Всеволод Щегельский "Ақтөбе-Атырау" тас жолы бойындағы автоөткізу бекеті қызметкерлеріне түскі ас жолдады.
Бекетте 25 адам қызметте. Жеткізілген азық олардың арасында теңдей бөлінді. Бекет басында полиция қызметкерлері, әскерилер, эпидемиологтар мен қалалық әкімдік қызметкерлерінің түнейтін, ауқаттанатын арнайы орындары жасақталған. Себебі олар төтенше жағдай режимі аяқталғанша жұмыс орындарында қалады. Бекет жұмысшылары тәулігіне 5 мезгіл тамақтандырылады. Оларды азық-түлікпен қамтуды жергілікті билік мойнына алған.
Количество показов: 863
Дата создания: 06.04.2020 18:57:05