Шаһардағы барлық базарларға жергілікті бақша өнімдері жаппай түсіп жатыр. Қазір коммуналдық базарларда қауын мен қарбыздың келісі 90-100 теңгеден сатылымда. Мәртөк пен Қобданың қауын-қарбыздарының дәмі тіл үйіреді. Саудаға бірер күннен бері Қобдалық жүгерілер түскен. Жаңадан піскен жүгерілердің бір сабағы 100 теңге тұрады. Дәндері де ірі. Базарларға өткен аптадан бері қой еті түспеген. Сиыр етінің келісі 1550-ден 2000 теңгеге дейін көтерілген. Жаз айында жалақымен қатар азық-түлік бағалары өскен. Қымбатшылық күнделікті тұтынатын тауарлармен қоса еттің, күнделікті тұтынылатын көкөністің бағасынан да сезіледі. Қай сауда орнында да саудагерлер тауар құнын біршама өсіріп қойған. Облыстық статистика басқармасы мамандарының мәліметінше, тамыз айында азық-түлікпен бірге тұрмыстық техника, тіпті шаштараз қызметіне дейін қымбаттаған.Жаздың соңғы айында жылқы еті 10 пайызға, сиыр еті 25 пайызға, түйе еті 15 пайызға, көкөністердің бағасы 15 пайызға өскен. Бағасы шарықтап кеткен тауарлардың қатарында киім-кешектер де бар. Фармацевтикалық препараттардың өткен айда 1,2 пайызға бағасы арзандаған. Есесіне, жергілікті жұмыртқаның қақы 3,5 пайызға көтерілген. Ал, дүкен сөрелерінде қой еті көрінбейді. Тапшылық супермаркеттерде де білінеді.
Базарларда жеміс-жидектің бағасы өскен. Тек отандық алма, сары өрік, жүзім, шетелдік шабдалының бағасы ғана қолжетімді. Олардың бағасына келер болсақ, 1 келісі 270 пен 500 теңгенің аралығында. Саудагерлердің айтуынша, Орал мен Көкшетау қалаларынан әкелінген картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, қызылшаның бағалары оңтүстік өңірлері көкөністерінің бағасымен бірдей қойылған. Аса қымбат емес. Коммуналдық базарларда картоптвың келісі 100 теңге, жуа- 80, сәбіз 110, қырыққабат пен қызылша 90-100 теңге аралығында. Ал, мәртөктік қызанақтың 1 келісі 150 теңгеден. Қияр 150-180 теңге аралығында. Баялды 180 теңге тұрады.
Количество показов: 748
Дата создания: 21.09.2020 18:18:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>