Батыс өңірі 2 мың дәрігерге зәру
М. Оспанов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін биыл 500-ге тарта студент бітіреді. Оның 360-ы емдеу ісі, педиатрия, стоматология факультеттерінен. 140 қыз-жігіт қоғамдық денсаулық сақтау, фармация және медбикелік іс мамандықтарын меңгерген. Бүгін болашақ дәрігерлермен батыс аймағының бес облысынан келген денсаулық сақтау басқармасы өкілдері кездесті.
Облыстардың қай-қайсысы да ауылға барған жас мамандарға барынша жағдай жасамақ. Көтерме ақы, баспана сатып алу үшін берілетін жеңілдетілген несие, жоғары жалақы. Бірақ, мұндай мүмкіндіктердің өзі жастарды қызықтырмай тұр. Өткен жылы дәрігерлікке оқыған 92 студент қана еңбек жолын шалғай елді-мекендерде бастауға келіскен. Батыс аймағы қазір 2 мың ақ халатты маманға зәру. Біздің облыстың өзіне 250 дәрігер керек. Ақтөбеде зертханашы, фтизиатрлар, неанологтар мен эндокринологтар тапшы. Балалар дәрігері жоқтың қасы.
|
Количество показов: 2025
Дата создания: 15.03.2013 20:21:18