«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік шеруі Ақтөбеден өтті
"Батыс Еуропа- Батыс Қытай" автошеруі бүгін таңда Ақтөбе жолдары арқылы жүріп өтті. Шара Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік жолдарын дамыту мақсатында қабылданған меморандум аясында жүзеге асты. Автошеру тамыздың 27- де Беларусь- Польша шекарасынан басталған болатын. Енді тура бір аптадан соң Қазақстан мен Қытай шекарасында өз мәресіне жетеді. Шеруге қатысушылар "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәлізінің жағдайына мониторинг жасап, кедендік рәсімдер бастамас бұрын үшжақты келісімге отыруды көздеп отыр. Автошерушілер жалпы аумағы 5500 шақырым жерді жүріп өтуі тиіс. Маңызды істің өз мақсаты бар дейді жолаушылар. Автошеру қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамдық пікір туғызбақ. Билік өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының, бизнес қоғамдастықтардың назарын көлік жолдарына аударып, мемлекеттік шекараларда туындайтын проблемаларды бірігіп шешуге жұмылдырмақ. Ол үшін жүріп өткен аумақтарында тар жолдарды есепке алып, шекарадағы өткізу пункттерінің қызметтерін салыстырып келеді. Сондай - ақ жинап - терген ақпараттарын Кедендік Одақ аясында ұсынады. Ұзақ жолға шыққандарды әр аумақтың жауапты өкілдері қарсы алуда. Жол бойы шараны ұйымдастырушылар баспасөз - мәслихаттарын өткізіп, жол жөндеу жұмыстарына бел шеше кіріскен жұмысшылардың да пікіріне құлақ түрді. |
Количество показов: 1869
Дата создания: 02.09.2013 18:49:55