Баспанадан үмітті жас отбасылардан құжат қабылдау аяқталды
"Қолжетімді баспана -2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдікпен берілетін пәтерлерден үмітті ақтөбелік жас отбасылардан құжат қабылдау аяқталды. Енді тұрғын үй қорын есепке алу секторы қызметкерлері жасаған жұмыстары турасында арнайы комиссия алдында есеп береді. Алдағы отыз күн бойы іріктелген 216 үміткердің барлық құжаттары сарапталады. Барлығы 1100 ақтөбелік апта бойы облыстық филоромонияда ұйымдастырылған құжат қабылдау кезегінде тұрды. Талапқа сай 29 - жасқа дейінгі шаңырақ иелеріне берілген мүмкіндік мол. Құжат қабылдаудың алғашқы күнінде жиналғандар қатары тым көп болған. Тіпті жасы отыздан асқан ерлі - зайыптылар, зейнеткерлерге дейін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша мамандардан кеңес алу үшін күнұзаққа кезек күтіпті. Бұл ақтөбеліктер арасында бағдарлама аясының кеңейтілуін қалайтындар қарасының көптігінен хабар береді. Осы жылдың соңында 216 отбасы қоныс тойын тойлайды. Оларға "Нұр Ақтөбе" ауданынан беріледі пәтерлер. Бала санына байланысты жас шаңырақтардың баспаналы болу мүмкіндігі жоғары.Көптің арасынан іріктелген 216 жұптың құжаты комиссия қарауына жіберілді. Мемлекет қарызын қайтаруға қабілетті ме, жоқ па? Отбасы табысы жетпейтін болса, кепіл тұлға тауып, банк сенімінен шыға алады ма? Комиссия отбасы мүшелерінің әрқайсысының әлеуетін есепке алады. Талапқа жауап бермеген жағдайда құжат иесіне қайтарылып беріліп, тізімде 217-ші және одан кейін тұрған отбасыға мүмкіндік беріледі. Ол 30 күн ішінде анықталады. |
Количество показов: 2127
Дата создания: 18.03.2013 19:23:40