Басқарусыз үйлер дезинфекциялануда
Тілекжан Жақсыбай №10-шы мектептің АӘД пәні мұғалімі. Қашықтан оқыту басталғалы бос уақыты көп азамат оны оңды іске жұмсауды жөн көрген. Отан алдындағы борышын осыдан 10 жыл бұрын Ақтау қаласында өтеген Тілекжан радиохимиялық-биологиялық қорғаныс взводына алынған. Қалада қазір әскери міндеттілерден осындай екі взвод жасақталып отыр. Бірінде 11, екіншісінде 12 адам бар.Тұрғындар қалада қауіпті індеттің алдын алуға бағытталған іс-шараның барлығын түсіністікпен қабылдап жатыр. Ал басқарусыз үй тұрғындары назардан тыс қалмағандарына риза. Әскери міндеттілерден құралған радиохиимиялық-биологиялық қорғаныс взводтары бұған дейін қалалық сүт зауыты, Әуе қалашығы, Мәскеу аудандары, 41-ші бекет және көне қаладағы көп қатарлы тұрғын үйлерді, аулаларын дезинфекциялаған. Олар күн сайын жұмысқа таңғы алты жарымда кірісіп, кешкі алтыда аяқтайды.
Количество показов: 770
Дата создания: 13.04.2020 18:31:49