Үміт оты сөнбейді. Туған ұлдарынан тірілей көз жазып қалған аналар бүгін Орталық саябаққа келді. Ендігі бар үміттері- "Бармысың, бауырым" бағдарламасында. Балшы, балгер, құмалақшыны жағалап шаршаған олар, бүгінгі мүмкіндікті қалт жібергілері жоқ. Ұлын іздеп, етегі жасқа толған ананың бірі- Жаңылтай Әкімова. Азаматын іздеп шарқ ұрғанына - биыл екінші жыл. Пәтер жөндеумен айналысатын жігіт жұмысқа кеттім деп, қайтып оралмаған.
Азамат Көжеков жұмысқа жиналып, хабарсыз кетсе, Хамат Сәбиев қалаға тойға кетіп, артынан жолдастары одан көз жазып қалдық депті. Туған туысқандарының іздеу салғанына- биыл 3 жыл. Тұңғыш президент атындағы орталық саябаққа адам қарасы көп жиналды. Көпшілігі- Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен майдангер аталарына іздеу салғандар. Алтынбек Қожаниязов әкесінің екі бірдей інісін іздеп жүр. Кенжебай Бисенбаев Самарқандта ұстаздық еткен. Кейін Жамбыл облысынан майданға жіберілген. Соңғы рет 1942 жылы хат алған. Содан кейін ұшты-күйлі хабарсыз кеткен.
Бағдарламаның шеф-редакторы Ақпанбет Әліштің айтуынша, әр бағдарлама сайын төрт адамды іздеп табады. Бүгінде бағдарма 10 мыңнан астам адамға іздеу салып отыр. Алдағы уақытта Беларусь, Украинаның жауынгерлік іздеу топтарымен байланыс орнату жоспарда бар. Себебі, қазақстандықтардың көпшілігі ҰОС кезінде хабарсыз кеткен аталарына іздеу салады. "Бармысың, бауырымды?" ресейлік "Жди менямен" салыстыратындар бар. Біздің ресейлік телеөнім секілді қаржылық мүмкіндігіміз зор емес,- дейді Ақпанбет Әліш. 2009 жылы бағдарлама енді ғана эфирге беріле бастағанда Ресеймен байланыс орнатылған. Екі тарап іздеу кезінде бір-біріне көмектесіп келген. Артынша байланыс үзілген.
Количество показов: 5750
Дата создания: 07.09.2012 19:39:10
Едильбай24.05.2015 13:11:42
Я ищу своих родных.Слышал что в Актюбинске проживает моя родня по фамилии Нургалиева Тойдан или может быть Нургали-кызы Тойдан.Если ее нет в живых то может быть есть дети или внуки.Прошу помочь мне в поиске моих родных.Заранее благодарен вам.Спасибо.Домашний телефон для связи - 87123742552 или сотовый телефон - 87782635726
Я ищу своего дедушку по материнской линии . Точное его имя мы не знаем или Асканбай или Атабай, Атырауская область возможно станция Мукур , Если его уже нет в живых то хотелось бы познакомиться с его детьми или его родственниками , Прошу помочь , Заранее благодарю , Мой сотовый 87712270127,