Банк қызметтері онлайн көрсетіледі
Банк қызметкерлерінің айтуынша 7111 номеріне ЖСН сандарын жіберіп, IBAN шот номерін 1 минутта алуға болады. Бірақ тұрғындар онлайн қызметтен көрі, кезек күтуді жөн санайтын секілді. Коронавирус салдарынан әр отбасында қаржылық дағдарыс орнады. Сол себепті банктер несие өтеу мерзімдерін 3 айға дейін кейінге шегеріп жатыр. Өсімақы қосылмайды, айыппұл салынбайды. Борышкерлер несие өтеуді төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жалғастыра алады. Өтініш қалдыру үшін банкке келудің қажеті жоқ. Ұялы телефон арқылы несиеңіз бар банктің онлайн парақшасына өтініш жасасаңыз жеткілікті. Ескеретін жағдай, індеттің ірі ошағына айналған елдерде адамдар вирусты түрлі мекемелер, дүкендер алдында кезек күту кезінде жұқтырған. Сол себепті, бір жерде топтаспай, уақытша үйде оқшауланған абзал.
Количество показов: 828
Дата создания: 09.04.2020 18:30:30