Балық жауған көктем
Бүгін шаһарда ауа райы бұлтты, әрі жел. Балықшылар күннің суығына қарамастан өзен бойына келген. Өздерімен бірге қажетті құрылғыларын алып келіп, қармақтарын салып қойған. Айтуларынша, аздап қармаққа мөңке балығы ілініп жатыр. Сондай - ақ, судың қақ ортасында қайықпен балық аулап отырған адамдарды да көруге болады.Ақтөбе су қоймасы маңынан 10 - нан астам балықшыны көруге болады. Бүгін қармаққа ілінген балықтар аз. Балықшылардың айтуынша, бұған күннің суығы себеп. Балықшылар жыл сайын өзен маңына келіп, сүйікті істерімен айналысады.Количество показов: 469
Дата создания: 09.04.2024 00:44:00