Балаларды биыл оқулықпен қамту үшін бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді
Атап өту керек, кезекші кластарға білім беретін мұғалімдердің айлық жалақысына қосымша үстемеақы төленетін болады. Ол жергілікті бюджеттен қарастырылады. Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе оқушыларды оқулықпен қамту. Бұл ретте облыс басшысы облыстық бюджеттен 1 млрд 717 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Оқулықтарды республикалық баспаханалардан өңірге жеткізу үшін арнайы кесте құрылып, оқу жылы басталғанға дейін оқушылар оқулықтармен толық қамтылатын болады. Облыста мектеп оқушыларының 90 пайызы қашықтан білім алу әдісімен оқытылмақ. Сондықтан, мұқтаж отбасылардың балаларын қажетті компьютерлермен және интернетпен қамту мәселесі де алдыңғы кезекте. Облыс әкімінің айтуынша, қосымша тағы 10 мыңға жуық компьютер сатып алу үшін облыстық бюджеттен де қаржы бөлінеді. Дегенмен, компьютерлерді сатып алу және жеткізу мәселесі тез арада шешілмейтіндіктен, бұл процесс қыркүйек айының соңына дейін созылу мүмкін екенін ескертті аймақ басшысы.
Количество показов: 791
Дата создания: 10.08.2020 19:24:15