Балалар құтқару техникаларымен танысты
19- қазан төтенше жағдайлар қызметкерлері күніне орай бүгін төтенше жағдайлар департаментінде № 21, 40 орта мектептердің оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Балалар көкейлерінде жүрген біраз сауалдарға жауап алды. Аулада үлкен техникалар қаз-қатар тізілген. Құтқарушылар өздеріне қонаққа келетін оқушыларға көрсету үшін құрал-жабдықтарын дайындап қойыпты. Ашық есік күнінде оқушылар сондай-ақ жедел құтқару жасағының техникаларымен танысып, құрал-саймандарын көрді. Құтқарушылар балаларға жол-көлік оқиғасы кезінде бүлінген көліктерден қалай шығуға болатынын, алғашқы медициналық көмек жайында әңгімелеп берді. Өрт көзінде қалай әрекет ету керек, жолды қалай кесіп өту қажеттігі де нақты түсіндірілді. Оқушыларға "Тайна" және "Герда" есімді құтқарушы иттер таныстырылды. Оқушыларға құтқару техникалары мен құрал жабдықтардың көрсетілімі қызық болды. Балалар техникалардың қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен бақылауға мүмкіндік алды. Құтқарушылардың күнделікті тұрмысы да таныстырылды. Оқушылардың сұрақтарына психолог маман да жауап берді. Айта кетелік, жыл басынан бері құтқарушыларға 291 шақырту түскен. Шақыртулардың көбісі жол-көлік оқиғасына, апаттық құтқаруларға байланысты. Құтқарушылардың көмегіне жүгінетіндер саны қыста арта түседі. Айтуларынша, қыста ұзақ жолға сапар шеккен жеңіл көліктер қар құрсауында жиі қалып қояды. Осындай жағдайда құтқарушылар көмекке бірінші болып жетеді. |
Количество показов: 2311
Дата создания: 16.10.2013 19:31:21