Балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етіледі
Ақтөбе облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Шектеу шаралары сатылай жеңілдетіліп жатыр. Бұған дейін 1 мен 5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1 мен 7-ші сынып аралығындағы оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді. Сондай-ақ, тамақтану орындарында ас беру мен балалар ойын - сауық орталықтарының жұмысына адам саны 50-ден аспайтын жағдайда рұқсат етіледі. Ал алдағы уақытта спортық іс-шаралар күшейтілген санитарлық талаптарды сақтай отыра, 20 пайыздан аспайтын көрермендердің қатысуымен өтетін болады. Айта кетейік, соңғы тәулікте елде 658 адам вирус жұқтырып, 8 науқас көз жұмған. Ал облыс бойынша 5 адамның індет жұқтырғаны анықталды.
Количество показов: 658
Дата создания: 02.03.2021 19:13:19