Балалар ойнайтын алаңқай жоқ!
Ш. Қалдаяқов көшесіндегі №27-ші үйдің тұрғындары есік алдындағы ауланы аула деуге келмейді,-деп отыр. Көлік тұрағы деп айтуға болады, үйде полиция бөлімшесі бар. Бөлімшеге келгендердің көлігі аулада тізіліп тұрады. Балалардың қауіпсіздігі үшін шырылдап жүрміз. Жазғы демалыс басталды, балаларды далаға шығара алмай отырмыз,- дейді тұрғындар. Тұрғындар үйдің ауласы әрлі-берлі жүретін көлік нөпірінің жолына айналды. Аулада асфальт төселмеген, айнала көк шаң. Аула тарылып кетті. Жаңбыр жауса бұл жер қара балшық. Аяқ алып жүру мүмкін емес,- деп отыр. Қалалық мәслихат депутаттары да бұл жағдайды өз көздерімен көріп, өткен жылы тұрғындардың арызын тыңдап кетіпті. Халық қалаулылары жәрдем беретіндіктерін де айтқан. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова әзірге аулаларды асфальттау жұмыстары басталмағанын айтады. Маусымыдық жұмыс басталса, бұл аулада тізімге кіреді,-дейді әкімдік өкілі.Количество показов: 291
Дата создания: 04.06.2024 06:22:26