Балалар ауруханасында көлік апатынан зардап шеккен жасөспірімдер көбейді
Жасөспірімдер арасында жазатайым жарақат алу дерегі көбейді. Соңғы екі айдың ішінде 100 шақты жасөспірім түрлі диагнозбен облыстық балалар ауруханасына түскен. Соңғы екі айдың көрсеткішіне сүйенсек, облыстық балалар ауруханасына көмек сұрап барғандардың дені жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер. Науқастардың бірі - Құрманбек Қуанышты шілденің 15- күні Тұрғындар қалашығы ауданындағы Металлургтер мәдениет үйінің тұсында көлік қағып кеткен. Құрманбектің туғандары көлік иесін полиция арқылы қайта тауып алған. Зардап шеккен жасөспірім дәрігерлер қадағалауында 1 аптадан артық уақыт емделді. Ал мына жасөспірім осыдан алты күн бұрын жол апатына ұшырағанда көлік ішінде болған. Түйіскен кезде темір тұлпардың алдыңғы терезесі арқылы сыртқа ұшып кеткен. Жарақаты ауыр. Жансақтау бөліміне түскен. Қазір беті бері қарады. Балалар нейрохирургі Самат Көкшібаевтың айтуынша, әсіресе жазғы демалыс уақыты балаларға қауіп төндіретін мезгіл. Жарақаттың да түрі көп. Ата - аналардың дұрыс көңіл бөлмеуінен туындайды жазатайым оқиғалар. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің терезесіндегі торлардың әлсіздігі, балалардың шапшаңдығы келеңсіз жағдайға ұрынуға басты себеп. Соңғы екі айдың ішінде 100- ге жуық жасөспірім облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақатпен түскен. |
Количество показов: 2241
Дата создания: 22.07.2013 18:45:31