Балабақша бала үшін қауіпсіз болуы керек!
Өткен жылдың соңында болған айқай ақтөбеліктердің есінде. Қаладағы жеке балабақшалардың бірінен шу шықты. Ата-аналар балаларының үйге үсті-басы көгеріп, түрлі жарақатпен келетінін айтқан болатын. Тәрбие орнында мүлдем жағдай жасалмаған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, балабақша жабылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға мониторинг жүргізуге де осы оқиға түрткі болса керек. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері қаладағы жеке-меншік балабақшалардың бірін тексерді. Балабақшалар 100% қауіпсіз болу керек. Осы күндері Ақтөбеде мектепке дейінгі ұйымда орын алған оқиғаларға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында. Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан қамтамасыз ету қажет, дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспегендіктен, ата-аналар балаларын жеке балабақшаға береді. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мәселесі де өзекті. Күні бойы жұмысбасты болып, өз сәбиінің тәрбиесін балабақшаға сеніп тапсыратын кез келген ата-ана баласының дұрыс тамақтанып, дұрыс тәрбие алып, көңілі мен қарны тоқ болғанын қалайды. Алайда кейбір жекеменшік балабақшаларды балалардың тәрбиесі мен денсаулығы емес, қаражат көбірек алаңдататын секілді.Количество показов: 421
Дата создания: 22.01.2024 20:19:47