Балабақшаға 150 жолдама берілді
Қолдарына жолдама тиген ата-аналар бүлдіршіндерін балабақшаға орналастыра алмай жүр. Бұл жағдай бір емес бірнеше ақтөбеліктің басынан өтті. Жұмысбасты тұрғындар қалалық білім бөлімі мен мектепке дейінгі мекеме арасында әуре-сарсаңға түстік деп шағымдануда. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева бар кінә ата - аналардың өзінде деп ақталып отыр. Елена Ким төрт жастағы ұлын балабақшаға орналастыра алмай шыр - пыр болған ата - аналардың бірі. "Рауан" жеке мектепке дейінгі ұйымын үйіне жақын болғандықтан таңдапты. Алайда қалалық білім бөлімі басшысының қолы қойылған жолдама бұл жолы жарамсыз болып қалыпты. Бір апта бойы жауапты мекеме мен балабақша арасында әрлі-берлі жүгірумен уақыт өткізіпті. Елена Кимнің мәселесі шешілді дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева. Алайда бұл бір емес бірнеше ата - ананың басынан өткен жағдай. Биыл 3000 бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылуы тиіс. Әзірше 1500 ата - ананың қолында жолдамасы бар. Балабақшадан орын қажет тізімдегі ақтөбеліктер әлі де хабарласа алады қалалық білім бөліміне. Жыл аяғына дейін бұрынғы Әділет департаментінің ғимараты балабақша болып ашылады. 240 орынға арналған. Сондай - ақ Болашақ ауданында "Аманат" балабақшасы іске қосылады. |
Количество показов: 2426
Дата создания: 11.06.2013 18:19:33