Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!
1-маусым күні «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында бірнеше мерекелік шара жоспарланып отыр. "Қазақ халқына мың алғыс" стелласының алдында спорттық, танымдылық шаралар өтеді. Оған аймақ басшысы қатысады деген жоспар бар. жыл бойы үздік оқып, жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар марапатталады. Ал бүлдіршіндер үшін жас натуралистер станциясының хайуанаттар бағы атты көрмесі сый болмақ. Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкелетін себептердің бірі-терезеден құлау. Бұған ата-аналардың салғырттығы себеп,-дейді тәртіп сақшылары. Сәбиін үнемі аңдып отыра алмаса, терезеге темір тор орнатқан абзал,-деген пікірде.Әлімжеттікке ұшыраған бала жағдайды өз бетінше бағалай алмайды. Кімдікі дұрыс не бұрыс екенін, бұл жағдайдың буллинг немесе қарапайым бір реттік жағдай екенін түсінбеуі де мүмкін. Сондықтан қандай да бір зәбір көрсеңіз, дереу полицияға хабарлаңыз. Ата-ана баласына оның құқығын түсіндіруге міндетті. Тағы бір ескеретін жайт, буллинг тек мектеп қабырғасында немесе көшеде емес, ғаламтор арқылы да жасалады. Ақтөбеде шомылу маусымы әзір басталмайды. Бұған су тасқыны себеп. Өңірдегі өзен-көлдердің тереңдігі де өзгерді. Түсу қауіпті. Құтқарушылар балаларды су-айдындарына жібермеуді қатаң тапсырады. Былтыр өңірде тоғыз бала суға батып кетті. Олардың алтауы қараусыз жүрген. Көз жұмған үш бүлдіршін тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алып, балаларды қараусыз қалдырмауға қақырады.
Количество показов: 286
Дата создания: 31.05.2024 06:27:41