Бала денсаулығы бақылауда болуы тиіс
Оқушылардың денсаулығы басты назарда. Жыл сайын бала медициналық тексерістен өтіп тұруы тиіс. Алайда сабақ пен үйірмелерден қолы босамайтын жеткіншектің дәрігерге көрінуіне уақыт тапшы. Осы орайда, әр емхана өз ауданында орналасқан мектептерді есепке алып, ондағы оқушыларды тексерістен өткізеді. Дәстүрлі шара биыл да жалғасын тапты. Мәселен, №16 шы мектеп №1 қалалық емхананың балансында. Соңғы үш аптаның ішінде мұнда 900 бала мектептен шықпай-ақ скринигтен өткен. Емхана тіркеуде тұрған 13 000 баланы медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отыр. Дәрігер тексеруінен кейін анализ нәтижесі дұрыс болмаған жағдайда тұрғылықты емхана бойынша нақтырақ қаралуға жібереді. Дәрігерлер осы тұста, әр аурудың алдын алу үшін тексеру жасау міндетті екенін ескертеді. Себебі, баланың денсаулығына мән беру, емдеу, қадағалау керек. Көп ата-аналар мұндай сәттерге немқұрайлы қарап, кейін кеш балаларын қаратып жатады. Қазір медициналық тексерулер бойынша көз көруінің нашарлауы балалар арасында 1-ші орында тұр, 2-ші эндокриндік аурулар, оның ішінде семіздік, 3-ші хирургиялық- сколиоз мәселесі және тағы көп кездесетін ол- анемия. Балардың денсаулығында ақау анықталған бойда, ата-аналарына хабар беріледі. Өз кезегінде ата-ана өз перзентінің денсаулығына мән беріп, уақытында дәрігерге көрсеткені абзал. Тексеру тегін.Количество показов: 299
Дата создания: 24.01.2024 20:11:23