Бала бақшаға байланысты мәселе азаймады
Елімізде 406 мың бала бақша кезегін күтіп отыр. Ақтөбе облысында кезекте 13 мың бүлдіршін бар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуге бағытталған "Балапан" бағдарламасының әрі қарайғы қадамы бүгін Ақтөбеде басталған республикалық семинарда талқыланды. Мамандар енді санға ғана емес, сапаға да көңіл бөлуді мақсат етіп отыр. "Балапан" бағдарламасы 2009 жылы іске асырыла бастады. Үш жылдың ішінде елде 4 мыңнан астам, ал Ақтөбе облысында 141 бөбекжай ашылған. 8 мың балдырған бақшаға орналастырылды біздің аймақта. Биыл тағы 7 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы аяқталып, 3 мыңдай бүлдіршінді қамтуы тиіс. Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Шарапат Сұлтанғазиеваның айтуынша, елде бөбектерді балабақшамен қамту 71 пайызға жеткен. Дегенмен, кезек мәселесі қай облыста да әлі өзекті. Қазақстанда жалпы алғанда, 406 мың бала бақшадағы орнын күтіп отыр. Ақтөбе облысында 13 мың бүлдіршін орын болмағандықтан, үйде тәрбиеленуде. Жергілікті билік осы мәселені аз да болса шешу үшін, шағын орталықтарды кеңейтпек. Бүгінгі семинарға жиналғандар мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологиялар көрмесін тамашалады. Онда бала тәрбиесінде тиімді сөйлейтін қалам, үш тілдік электронды оқулық, ертегі кітаптар, көшпелі балалар жиһаздары көрсетілді. |
Количество показов: 2469
Дата создания: 27.03.2013 18:22:28