Балғындар "Екі жұлдыз" байқауына қатысты
Мүгедек балалардың құқығын қорғау қоғамының құрылғанына жыл жарым. Қазір қоғамға мүмкіндігі шектеулі 300 бала мүше. Олардың диагнозы да әртүрлі. Сал аурына шалдыққандар, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балғындар мен денсаулығында өзге де кінәраты бар балалар тіркеулі. Ұйым қамкөл балаларды барынша қоғамға бейімдеуге тырысуда. Соның бір көрінісі бүгінгі байқау. Өнер додасына ерекше бала тәрбиелеп отырған тоғыз ана перзентімен қатысты. Жадыра Тоғызбаева 3 баланың анасы. Кенжесі-ерекше бала. Бүгін ол сүт кенжесімен сахнада өнер көрсетті. Би биледі. Кішкентай өнерпаз №52 метептің 2-сыныбында оқиды. Қатарынан қалмай, балалармен сабаққа барып келеді. Белсенді, түрлі конкурстарға қатысады. "Екі жұлдыз" байқауы жайлы естіп, қуана келістік,-дейді баланың анасы. Перзентінің дертінен айығуын күнде тілеп отырған Жадыраның арманы-ұлының ер жетіп, қоғамға пайдалы азамат болуын көру. Өнер додасында 9 ата-ана баласымен бақ сынады. Ән шырқап, сахнада мың бұрала биледі. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілмек.Количество показов: 343
Дата создания: 12.06.2024 05:15:21