БАҚ саласы мен блогерлерге арналған семинар
ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып тұрған заманы. Әсіресе әлеуметтік желілердің ауқымы күн санап кеңеюде. Интернет журналистика мен блогерлердің дәурені жүріп тұр. Ғаламтор арқылы табыс тауып отырғандар да аз емес. Алайда әлем желіні басқарудың өз қағидасы бар. Бекітілген ережесі мен заңмен тыйым салынған тұстары көп. Оны бірі білсе, бірі біле бермейді. семинардың мақсаты да осы. Жас блогер,журналистерге шеберлік сағатын өткізу. Теория мен тәжірибені ұштастыра отыра, білімдерін жетілдіру. Медиа саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген сарапшылар бүгін өз білімімен бөлісті. Тегін семинар аптаның соңына дейін жалғаспақ. Шараға ресейлік журналист, сарапшылар арнайы келген. Олар өз тәжірибесімен бөліспек. Әлеуметтік желіде рейтинг көтеру, камера алдында өзіңді еркін ұстау, таза дикция қалыптастыру бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Спикерлердің арасында "СТС медиа" ресейлік медиа холдингінің өкілі де бар. Бүлдіршіндердің сүйікті мультфильміне айналған "Үш мысық" анимациялық хикаяларының авторы өз тәжірибесімен бөлісті. Блогтың түрлері көп, ең танымалы жазбаша блог, жақсы дамып келе жатқаны видеоблог. Блогерліктің арқасында елге танылып жүргендер де бар. Бірнеше күндік семинардың мақсаты да осы. Блогерлердің Әлеуметтік желі арқылы өздерін дейім жұртқа таныту, пайдалы әрі сауатты контент жасау.Количество показов: 260
Дата создания: 04.09.2024 09:00:29