Бағбандар мәселесі шешілді
Анықтама саяжайларына жеке көліктерімен қатынайтын тұрғындарға ғана қажет. Бір көлікке 3 адамға дейін мінуге рұқсат етілген. Кішкентай бала болатын болса, оны да анықтамаға сол үшеудің ішіне енгізу керек. Ал қоғамдық көлікпен жүретіндерден және жаяулардан рұқсат қағаздары талап етілмейді. Бүгінге дейін қала тұрғындарына саяжайларға баруға тиым салынып келді. Ал саяжайда тұратындар карантин салдарынан қалаға шыға алмай отырған еді. Мәселе шешілді. Бау-бақшаларында жұмысқа кірісіп кетуге асығып жатқан тұрғындар рұқсат қағазы үшін кезек күткендеріне наразы. Ескеретін жағдай, рұқсат қағазы бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына берілмейді.
Количество показов: 880
Дата создания: 27.04.2020 18:17:45