Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құруға дайындық басталды
Жыл басында президент еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты үкіметке нақты тапсырмалар берді. Осы орайда Елбасы қазіргі жұмыс жасап жатқан жеке зейнетақы қорларының қызметіне көңілі толмайтындығын білдіріп, олардың бәрін бір салаға біріктіру керектігін де баса айтқан болатын. Елбасының бұл сөзінен соң қазіргі зейнетақы жүйесінің жұмысына көңілі толмайтындардың да қатары көбейді. Ал үкімет мүшелері болса біріңғай зейнетақы қорын құру мәселесін шұғыл қолға ала бастады. Мамандардың мәлімдеуінше қазіргі жеке зейнетақы жинақтаушы қорларының қызметінде көптеген кемшіліктер бар. Мамандардың мәлімдеуінше жаңа Қордың құрылтайшысы мен акционері ҚР Үкіметі болады. Зейнетақы активтерін инвестициялау мен басқаруды ұлттық банк жүзеге асырады. Ал Біріңғай қордың қызметін елбасы жанынан құрылған арнайы кеңес қадағалап, ең бастысы азаматтардың салымына мемлекет кепіл болмақ. Көпшіліктің көңілінен шығатыны да осы соңғысы. Өйткені жалпақ жұртты қорды кімнің басқарғаны емес, жылдар бойы жинаған жинақтарының жоғалып кетпеуі толғандырады. Зейнетақы жүйесін жаңартудың тағы бір бағыты ол әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке дейін ұлғайту мәселесі. Әйелдердің зейнет жасын өсіруді елімізде ең алғаш рет ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко көтерген болатын. Бас банкирдің берген мәліметінше соңғы кездері Қазақстанның экономикалық және демографиялық жағдайы жақсарып, соған сәйкес еліміздің нәзік жанды тұрғындары да жылдан жылға жасарып келеді. Мамандардың айтуынша әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қатысты мәселеде басқа елдердің тәжірибесі мен халықтың көпшілік пікірі барынша ескерілетін болады. Дегенмен кеше әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заң үкіметте мақұлданып, құжат парламенттің қарауына жіберілді. Аталмыш құжатқа сәйкес енді әйелдердің зейнетке шығу жасы он жыл ішінде біртіндеп ұлғайтылатын болады. Нақтырақ айтсақ әр жыл сайын жарты жылға өсіп отырады. Ендігі шешім халық қалаулыларында. |
Количество показов: 2002
Дата создания: 03.04.2013 20:03:38