Бір отбасы көшеде шатыр тігіп тұрып жатыр
Ақтөбеде баспанасыз қалған бір отбасы ашық аспан астында шатыр тігіп тұрып жатыр. Қаланың қақ ортасында жай-күйсіз қалған бұл жандардың жағдайын сұраған ешкім болмапты. Анна Гаммова Ақтөбеге еліміздің солтүстік өңірінен осыдан 20 жыл бұрын келген. Анасын жерлеу мақсатында келген ол кейін белгісіз себептермен біздің қаламызда қалып қойыпты. 63 жастағы Анна Гаммова Петропавл қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінде 25 жылға жуық қызмет атқарған. Ол кезде басында басыбайлы баспанасы болғанын да айтады. Кейін өндірістік жарақаттан омыртқасына зақым келім, ақырында екінші топтағы мүгедек атанған. Қазір 5 адамнан тұратын бұл отбасы Ақтөбеде ашық аспан астында тұрып жатыр. Кейуананың қасында бір ұл бір қызымен бірге 9 және 15 жастағы екі немересі бар. Отбасы мүшелері осыған дейін қаладағы жеке үйлердің бірін 20 мың теңгеге жалдап тұрған. Кейін пәтерақы қарызын уақытылы қайтара алмаған соң оларды үй қожайыны далаға қуып шыққан. Жығылғанға жұдырық дегендей жақында қызын көшеде келе жатқан жерінен көлік қағып кетіпті. Қаланың қақ ортасында ежелгі тайпаларша жайбарақат өмір сүріп жатқан отбасыны қудалап жатқан ешкім жоқ. Өздері келесі айдың басында басқа пәтерді жалға алмақ. Бұл үшін Анна баласының ақша салуын күтіп отыр. |
Количество показов: 2280
Дата создания: 30.07.2013 18:51:55