Бір күнде төрт егіз дүниеге келді
Облысымыздың демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Кеше қаладағы төрт бірдей босану үйінде бір мезетте төрт егіз дүниеге келген. Қазір нәрестелердің де, босанған аналардың да денсаулығы - жақсы. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері күніне 20-ға тарта ананы босандырып алады. Кеше ғана республикалық статистика агенттігі 11 миллионыншы қазақ 28-ші желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында дүниеге келгенін айтқан болатын. Нәрестеге ата-анасы азан шақырып Мұхтар есімін беріпті. Ал, мына екі сәби миллиондардың жалғасы. Кеше қаладағы төрт бірдей босану үйінде бір мезетте дүниеге есігін асқан төрт егіздің- бірі. Анасы Гүлдана Омарәлиеваның айтуынша, Махаббат пен Мархабаттың арасы- 20 минут. 23 жастағы жас ананың- бұл екінші сәбиі. Отбасының тұңғышы- екі жарым жаста. "Жолдасымның да, өзімнің де нағашыларым жағында-егіздер" бар дейді келіншек. Сәбилер қазір облыстық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің басты назарында. Жас босанған келіншектер мемлекет тарапынан көп балалы аналарға көбірек көңіл бөлінсе, халық санын көбейтуге ынталы. Қазір көп балалы жас аналардың қатары көбейіп келеді. Облыстық перинаталдық орталықта 36 жастағы келіншек сегізінші сәбиін дүниеге әкелген. Балаларының алды-студенттер. |
Количество показов: 2388
Дата создания: 16.05.2013 18:59:34