Бір ауыл-бір өнім
Төрт мың бас бөдене өсіріп отырған шағын шаруашылық иелерінің бірі Ердібек Молдагереев. Жұмыртқаның пайдалану мерзімі өтіп кетеді деп ол қорықпайды екен. Артық өнімді осылай шыны ыдыстарға тұздап алады. Құстың еті де тез өтеді, келісін 3 мың теңгеден сатып жатырмын, дейді кәсіп иесі. Былтыр "Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысып 5 млн теңгеге жуық жеңілдетілген несиеге ие болыпты. Жылына 2,5 пайыздық үстемемен берілетін қаражат шаруашылығымды біраз көтеріп тастады дейді, Ердібек Молдагереев. Бүгінгі жәрмеңкеде ет пен сүт өнімдерінің бірнеше түрі ұсынылды. Бұл шараның мақсаты-өңірдегі бірегей өнімді табу, жергілікті брендті жарыққа шығару. Биыл облыстық кәсіпкерлер палатасы тауар өндірушілірден 28 өтініш қабылдапты. Жобалардың ішінде қыш ыдыстар, ұлттық нақыштағы киім-кешек пен жергілікті шикізаттан жасалған өнімдер бар. Мұндай басқосуда тауар өндірушілер бір- бірімен серіктестік байланыс орната алады. Тіпті олар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін республикалық көрме жәрмеңкеге қатысады. Бүгінгі жәрмеңкеде қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған кәсіпкерлер халықаралық сауда алаңдарына шығуға да мүмкіндік алады. Биылдан бастап, жоба жеңімпаздары 5 млн теңгеге дейінгі грантқа да қол жеткізеді.Количество показов: 341
Дата создания: 30.08.2024 10:58:01