Әбілқайыр даңғылындағы №67 үй ыстықта ыстық сусыз қалды
Әбілқайыр хан даңғылындағы ¹67-ші Б үйдің тұрғындары 2 аптадан бері ыстық сусыз отыр. Шағымданып бармаған жерлері жоқ. Алайда, еш нәтижесіз. Тиісті кәсіпорындар тұрғындарды әуре-сарсаңға салып қойған. Үйдің іргесіндегі құдыққа кімдер жауапты екенін тұрғындар әлі біле алмай дал. Тұрғындар коммуналдық төлемдерді уақытында төлеп отырмыз, берешегіміз жоқ дейді. Бар кінәрат- ыстық су келетін құбырдан шыққан. 1969 жылы тұрғызылған көп қабатты үйдің құбыры жөндеу көрмеген. Тұрғындардың қордаланып қалған мәселесі көп. Ауладағы жол сын көтермейді. Подъездер жөндеу көрмеген. Былтыр ғана өз қаражатымызға жылу жүйесін жаңарттық,-дейді олар. Әр пәтерден 11 мың теңгеден қаржы жиналған. Енді миллион теңге желге ұшып, ыстық судың ауылы алыстап кетті. Ыстық сусыз отырған ¹67 Б үйдің тұрғындары ғана. Айтуларынша, көрші үйлерден ондай шағым түспеген. |
Количество показов: 2762
Дата создания: 08.08.2012 18:18:12