Қалада жол жөндеу жұмыстары басталды. Бөкенбай батыр көшесіне асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолағын салумен "Ерхат жолдары" ЖШС айналысып жатыр. Мердігер компания құрылыста жаңа технология пайдалануда. Жол жөндеу кезінде көше жабық болады. Көшеде көлік қозғалысы азайып, бұл жол жөндеушілерге қол болып тұр. Бөкенбай батыр көшесіне асфальт төсеу және жол жиегіне жаяу жүргіншілер жолағын салумен "Ерхат жолдары" серіктестігі айналысып жатыр. Бүгін мердігер мекеме жұмысшылары бастаған іспен қалабасы Асхат Шахаров танысты. Қаладағы карантин тәртібі жол жөндеу жұмыстарына кедергі болмайды.
Бүгінге дейін жүргізіліп келген жол жөндеу жұмыстарының сапасы ешқайсымыздың көңілімізден шықпағаны анық. Мердігерлер бұл жолы бәрін асқан жауапкершілікпен жасаймыз деп отыр. Биыл қалада төрт көшеге қайта жаңғырту, жиырма бір көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар асфальты жоқ кей көшелерге қиыршық тастар төселеді. Жол құрылыстары күзге дейін аяқталуы тиіс. Осы орайда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қосымша жұмыс күштері тартылады.
Количество показов: 944
Дата создания: 15.04.2020 18:54:15
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>