Бүгіннен бастап елімізде электр энергиясы қымбаттады
Бүгіннен бастап елімізде электр энергиясы қымбаттады. Жарық үшін ақтөбеліктер енді 15%-ға жоғары төлем төлейді. Тариф ел бойынша жылу электр бекеттерін жөндеу мақсатында көтерілген. ҚР Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов электр жарығының бағасы өскеннен кейін республикада басқа қызмет түрлері де қымбаттауы мүмкін екендігін ескертті. Сондай-ақ, 1-ші сәуірден бастап Қазақстанда ай сайынғы зейнетақыны есептеу әдісі өзгерді. Бүгіннен бастап елде бірқатар салада өзгерістер күшіне енді. Зейнетақы басқаша жолмен есептелетін болды. Оқушылар қашықтан оқи бастады. Электр энергиясы қымбаттады. Жарық үшін жылу электр станцияларының шекті тарифі орта есеппен 15 %-ке көтерілді. Тарифті көтеру осы бекеттерді жөндеу үшін қажет, деп түсіндірді энергетика министрлігі. Энергия өндіретін 45 компанияның 37-сі шекті тарифті көтеруге өтініш берген. Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов электр қуатының қымбаттауы басқа қызметтердің де ақысын өсіруге алып келуі мүмкін екендігін ескертті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында есептеу әдісі өзгерді. Ай сайынғы төлем жаңаша есептеледі. Зейнетақы жинағының жалпы сомасы 6,5 % мөлшерлемеде көбейтіледі. Мәселен, зейнетақы жинағының жалпы сомасы 6 млн теңге болса шекті мөлшерлемеге көбейтіледі. Шыққан сома он екі айға бөлініп төленеді. Жаңашылдық бүгіннен бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз төлемін алатын зейнеткерлерге қолданыла бастайды. Елде коронавирусқа қарсы вакциналау есептегіші пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында орналасқан есептегіште өңірлердің күн сайынғы статистикасы ілінеді. Бұл сайттан ел тұрғындары қанша екпе келгенін, неше адам вакцина салдырғанын біле алады. Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандық екпе қабылдауы тиіс.
Количество показов: 840
Дата создания: 01.04.2021 19:01:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>