Бүгінге дейін тәжвирусқа қарсы екпенің қос компонентін 1 жарым миллионға жуық қазақстандық салдырған
Қазақстандықтар арасында короновирус індетіне қарсы вакцинация міндеттеледі ме?Мәселен, бұл үрдіске Израиль елінен бөлек, көршілес Ресей де көшпек. Яғни Ресейде мемлекеттік қызметкерлер мен сауда, қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы жұмысшыларының кем дегенде 60 пайызы екпе салдыртуы керек. Ковид-19 дертін жеңудің жолы міндетті вакцинациялау ма? Тақырыпты тілшіміз тарқатады. Ақтөбеліктер індетке қарсы екпе алу ерікті түрде болғандықтан, шешім қабылдауға асықпайтындықтарын жеткізді. Қала тұрғындары арасында ковидке қарсы вакцина алмағандар көп. Алайда бүгін сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі ресейлік вакцинаға сенім артатындықтарын айтады. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алекцей Цойдың сөзінше, бүгінгі күнге дейін тәжвирусқа қарсы екпенің қос компонентін 1 жарым миллионға жуық қазақстандық салдырған. Ал коронавируспен ауырып шыққандар арасында қайта жұқтырғандар саны 800-ге жеткен. Министр дертпен ауырғандар екінші рет ауырмайды деген жалған ақпарат, дейді. Сондықтан індеттен сақтану үшін дер кезінде екпе алуы керек.Тұрғындардың алаңдауына негіз бар. Себебі вакцинадан бұрын індет туралы ақпарат аз. Мамандардан тұшымды жауап болмағандықтан, тарайтын қауесет те көп, дейді. Кей ақтөбеліктердің сөзінше, тарап жатқан жалған ақпараттың алдын алмағандықтан қорқыныш басым.
Айта кету керек вакцинаны алуды Израиль мемлекеті алғаш болып міндеттеген болатын. Қазіргі таңда бұл елдің жалпы халқы санының жартысынан көбі, яғни ересектердің 76 пайызы вакцинацияланды. Күні кеше израильдықтар дертті жеңуінің себебі екпенің арқасы деп тойлаған болатын. Енді халыққа толық міндеттеу үрдісіне Ресей елі де көшпек. Бір нысанда қызмет ететін адамдардың кем дегенде 60 пайызы екпе алатын болады. Ал қазіргі таңда Қазақстанда екпе алу ерікті түрде жалғасуда.
Количество показов: 621
Дата создания: 17.06.2021 17:57:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>