Бүгін православ христиандары үшін Радоница күні
Қалалық әкімдік елімізде тарап жатқан індетке байланысты қандай да іс-шараларды, даталарды көптің қатысуымен атап өтуге тыйым салды. Ата-аналар күнінде де ақтөбеліктердің зират басында жиналуына рұқсат жоқ. Қалалық зират әкімшісі Сәбит Дүйсеновтың айтуынша, ол жөнінде тұрғындарға алдын ала хабарланды. "Радоница" Пасхадан тоғыз күннен кейін келетін діни сипаттағы мереке. Мақсаты- әруақтардың рухына тағзым ету. Бүгін шіркеуде арнайы шырағдандар жағылды. Өлілер үшін дұға жасалады. Бұл күні ренжісуге болмайды. Зират басына ас әкеліп тастауға болмайды. Одан да тәтті тоқаштар мен нан өнімдерін мұқтаждарға таратқан абзал.
Количество показов: 943
Дата создания: 28.04.2020 18:12:19